Аморим Манчестер Юнайтед жанкүйерлерінен кешірім сұрады
Рубен Аморим қаңтарда орнынан кеткеннен бері жанкүйерлермен сөйлеспегеніне өкінетінін айтты. Дегенмен ол клубта жұмыс істегенін мақтанышпен еске алды.
Манчестер Юнайтед клубының бұрынғы бас бапкері Рубен Аморим жанкүйерлерден кешірім сұрады. BBC Football хабарлағандай, ол қаңтарда лауазымынан босатылғаннан бері командасын қолдаушылармен ашық сөйлеспегеніне өкінетінін жеткізді.
Аморим ұзақ уақыт үнсіздік сақтағанын мойындады. Оның айтуынша, бұл кезең оңайға соқпады, алайда клубтың мыңдаған жанкүйеріне бетпе-бет тіл қатпағанын дұрыс емес деп санайды.
Сонымен қатар бапкер Манчестер Юнайтед сынды клубта жұмыс істегенін өз мансабындағы ерекше кезең деп бағалады. Ол командаға басшылық еткені үшін мақтаныш сезінетінін атап өтті.
Аморим қиын кезеңге қарамастан, клубтың тарихы мен жанкүйерлерінің қолдауын жоғары бағалайтынын білдірді. Оның бұл мәлімдемесі көпшіліктің назарын аударды.