Англия ӘЧ-2026 плей-оффта: жанкүйерлер түн ортасында ойын көреді
Англия құрамасы Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Алайда Мексикаға қарсы матч ағылшын жанкүйерлері үшін таңғы 1-де басталады.
Англия ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Командаға енді 1/8 финалда Мексикаға қарсы күш сынасу тиеді. Дегенмен бұл ойын ағылшын жанкүйерлері үшін оңайға түспейтін уақытта өтеді.
Sky Sports Football хабарлағандай, матч Ұлыбритания уақыты бойынша таңғы 1-де басталады. Яғни, ел азаматтары командасын қолдау үшін түн ортасынан кейін теледидар алдында отыруға мәжбүр болады. Мұндай уақыт кестесі ӘЧ-2026 турнирінің Солтүстік Америкада өтуіне байланысты.
Кеш басталатын ойынға орай көптеген жанкүйер елде қосымша демалыс күні жарияланар ма деген сұрақ көтеріп жатыр. Себебі мұндай маңызды матчты түн ортасында көру, ал келесі күні жұмысқа шығу оңай емес.
Англия құрамасы топтық кезеңнен сәтті өтіп, плей-оффқа сенімді түрде жетті. Ендігі кезекте команданы Мексикамен күрделі кездесу күтіп тұр. Жеңіске жеткен жағдайда, ағылшындар турнирдің келесі сатысына жол ашады.