Instagram
АПЛ

Ливерпульдің жаңа үшінші формасы желіге жайылды

Ливерпульдің 2025/26 маусымына арналған үшінші формасының суреттері жарияланып үлгерді. Жаңа киімнің басты ерекшелігі — теңіз жасылы түсі мен клубтың классикалық гербі.

Ливерпульдің жаңа үшінші формасы желіге жайылды
Сурет: 90min

Ливерпульдің келесі маусымға дайындалып жатқан үшінші формасының суреттері желіге тарап кетті. 90min басылымының хабарлауынша, жаңа комплект «Sea Green», яғни теңіз жасылы түсінде орындалған.

Формада adidas компаниясының белгілі үш жапырақты — Trefoil логотипі орналасқан. Бұл Ливерпуль мен adidas-тың серіктестік аясындағы алғашқы коллекциялардың бірі болып табылады.

Тағы бір назар аударарлық тұс — клуб гербінің дизайны. Жаңа формада 1987–1992 жылдары қолданылған классикалық герб жаңғыртылған түрде ұсынылған. Клубтың фандары бұл шешімді ерекше жылы қарсы алды — ескі гербке деген сағыныш ұзақ уақыттан бері айтылып келеді.

Ресми презентация күні әзірге жарияланған жоқ, алайда ағып шыққан суреттер жаңа формаға деген қызығушылықты айтарлықтай арттырды.

Дереккөз бойынша дайындалды, мәтін қазақ тіліне бейімделген. Түпнұсқа: 90min →