Мэри Эрпс жаңа клубын тапты: екі жылдық келісім
Англияның бұрынғы қақпашысы Мэри Эрпс Парижден кетіп, Лондон клубымен келісімшарт жасасты.
Англия ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Мэри Эрпс London City Lionesses командасына ауысты. Клуб ойыншымен екі жылдық келісімшарт жасасқанын ресми түрде растады.
Эрпс бұған дейін Париж Сен-Жермен қақпасын қорғаған болатын. Француз клубымен арадағы байланыс үзілгеннен кейін ол Лондонға оралып, отандас клубты таңдады.
Мэри Эрпс — Англия әйелдер футболының ең танымал тұлғаларының бірі. Ол 2023 жылы Фифаның үздік қақпашысы атағын иеленіп, дүние жүзіне есімін таныткан еді. Оның London City Lionesses-ке келуі клуб үшін үлкен күшейту болмақ.
London City Lionesses соңғы жылдары Англия әйелдер футболында белсенді трансфер саясатын жүргізіп келеді. Эрпстің келуімен команданың қақпа алдындағы сенімділігі арта түспек.