Неліктен футболшылар ӘЧ-2026-да қызғылт бутсы киіп жүр?
ӘЧ-2026-дың алғашқы матчынан бастап стадиондарда бір ерекше тенденция көзге түсті — ойыншылардың аяғында қызғылт бутсы. Бұл кездейсоқтық па, әлде жаңа трен д па?
ӘЧ-2026-дың есігі ашылғанда, алаңдағы ойыншылар арасында бір нәрсе бірден назар аударды — қызғылт бутсы. Турнирдің алғашқы матчында-ақ екі жақтың бірнеше ойыншысы осы түстегі аяқ киіммен шықты. Бұл кездейсоқтық емес екені анық.
Қызғылт түс футбол алаңына жаңа келген жоқ. Алайда соңғы бірер жылда бұл түс бутсы нарығында нақты басымдыққа ие болды. Nike, Adidas және Puma сияқты спорт брендтерінің жетекші үлгілері дәл осы қызғылт гаммада шығарылуда. Брендтер бұл түсті жастық пен батылдықтың символы ретінде қалыптастырып келеді.
Футболшылардың бутсы таңдауы — ойдан шыққан нәрсе емес. Жұлдыз ойыншылардың спонсорлық келісімдері тікелей осыған байланысты. Бренд белгілі бір ойыншыға арнайы коллекция шығарса, сол ойыншы міндетті түрде сол бутсымен ойнайды. ӘЧ сияқты мегатурнир кезінде брендтер өз өнімдерін көрсету үшін ең жарқын, ең көзге түсетін түсті таңдайды.
Сонымен қатар психологиялық фактор да бар. Зерттеулерге сүйенсек, жарқын және ерекше түстегі форма мен жабдықтар ойыншының өзіне деген сенімділігін арттыра алады. Алаңда мыңдаған көрермен мен миллиондаған телеқараушы алдында ерекше көрінгің келсе — қызғылт бутсы сол міндетті атқарады.
ӘЧ-2026 турнир ретінде ғана емес, жаһандық маркетинг алаңы ретінде де жұмыс істеп жатыр. Қызғылт бутсы да — осы алаңдағы ең жарқын жарнаманың бірі.