Путельяс сенсация тудырды: London City-ге ауысты
Барселона мен Испания құрамасының жұлдызы, екі мәрте «Алтын доп» иегері Алексия Путельяс London City Lionesses командасына ауысты. Бұл — әйелдер футболы тарихындағы ең ірі трансферлердің бірі.
Әйелдер футболының жұлдызы, екі мәрте «Алтын доп» иегері Алексия Путельяс London City Lionesses командасымен келісімшартқа отырды. Ағылшын клубы тәжірибелі ортаңғы ойыншыны үш жылға жалдап алды. Бұл трансфер әйелдер футболы тарихындағы ең резонансты оқиғалардың біріне айналды.
Испания құрамасы мен әлемдік деңгейдегі беделін ескерсек, Путельястың ауысуы London City үшін нағыз жеңіс саналады. Аты әлемге әйгілі футболшы клубтың амбициясы мен даму жоспарын жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде.
Алексия Путельяс — заманауи әйелдер футболының ең танымал тұлғаларының бірі. Ол мансабы барысында ұжымдық және жеке жүлделерді жиған, «Алтын доп» марапатын екі рет жеңіп алған саусақпен санарлық ойыншылардың қатарында.
London City Lionesses осы келісіммен өз атын әлемдік футбол картасына нық орнықтырды. Мұндай деңгейдегі жұлдызды жалдау клубтың алға қойған мақсаттарының қаншалықты биік екенін айқын көрсетеді.