Instagram
Трансферлер

Тоттенхэм словак қақпашыны тегін алды

Тоттенхэм Хотспур Бернлидің қақпашысы Мартин Дубравканы бос трансфермен өз қатарына қосуға келісті.

Тоттенхэм словак қақпашыны тегін алды
Сурет: BBC Football

Тоттенхэм словакиялық қақпашы Мартин Дубравканы еш ақысыз алуға уағдаласты. Ойыншының Бернлимен келісімшарты 1 шілдеде аяқталады, сол сәттен бастап ол лондондықтардың ойыншысына айналады.

Дубравка Ангия Премьер-лигасында танымал тұлға. Бұған дейін ол Ньюкасл Юнайтед қақпасын қорғаған, клубта бірнеше маусым тұрақты негізгі ойыншы болды. Бернлиге өткен жылы ауысып, «кларет»термен бірге маусымды аяқтады.

Тоттенхэм осы жаз қақпаша позициясын нығайтуды жоспарлаған болатын. Тәжірибелі словактың келуі клубқа қосымша бәсекелестік орта тудырады. 35 жастағы Дубравка жоғары деңгейдегі тәжірибесімен Спёрс үшін сенімді нұсқа болмақ.

Дереккөз бойынша дайындалды, мәтін қазақ тіліне бейімделген. Түпнұсқа: BBC Football →