УЕФА ауызды жабу үшін қызыл карточка бермейді
УЕФА жарыстарында қарсыласпен қақтығыс кезінде ауызын жапқан ойыншыларға қызыл карточка көрсетілмейді.
УЕФА өз турнирлерінде ойыншыларға қатысты жаңа тәртіпті нақтылады. Енді қарсыласпен қақтығыс кезінде ауызын жапқан футболшыларға қызыл карточка көрсетілмейтін болды. Бұл туралы BBC Football хабарлады.
Мұндай жағдайлар матч барысында жиі кездеседі. Ойыншылар дау-дамай кезінде айтқан сөздерін төреші немесе қарсылас естімеу үшін ауыздарын қолмен жабады. Осыған дейін бұл әрекет кейде тәртіп бұзушылық ретінде бағаланатын.
УЕФА-ның жаңа ұстанымы бойынша, мұндай қимыл өз бетінше жазаға негіз бола алмайды. Яғни ауызды жабу фактісі үшін ойыншы алаңнан қуылмайды.
Бұл шешім төрешілердің матч барысындағы даулы сәттерге бірыңғай әрі түсінікті тұрғыдан қарауына мүмкіндік береді. Ереже УЕФА қамқорлығындағы барлық жарыстарда қолданылады.