УЕФА төрт ағылшын клубын айыппұл салды
Астон Вилла, Челси, Ньюкасл және Ноттингем Форест қаржылық ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
УЕФА Англия Премьер-лигасының төрт клубына қаржылық тұрақтылық ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салды. Sky Sports Football хабарлағандай, бұл бұзушылықтар 2025/26 маусымына қатысты анықталды.
Айыппұл тізіміне Астон Вилла, Челси, Ньюкасл және Ноттингем Форест енді. Аталған клубтар УЕФА белгілеген қаржылық тұрақтылық талаптарын сақтамаған.
УЕФА-ның қаржылық ережелері клубтардың шығындарын табыстарымен сәйкестендіруді көздейді. Бұл регламент еуропалық турнирлерге қатысатын командалардың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.
Соңғы жылдары Премьер-лига клубтары қаржылық бақылау тұрғысынан жиі назарға ілінуде. Жоғары трансфер шығындары мен ойыншыларға төленетін жалақы клубтарды белгіленген шектерден асып кетуге мәжбүрлейді.