Ямаль өз логотипін таныстырды: Барселона рухы мен туған жер
Испания жұлдызы Ламин Ямаль адidas брендімен бірлесіп, жеке фирмалық логотипін жариялады. Дизайнның негізінде оның туған жері Рокафонда мен Барселона жолы жатыр.
Ламин Ямаль спорт дүниесінде жаңа қадам жасады. 17 жастағы қанатшы адidas компаниясымен серіктестікте өзінің тұңғыш жеке логотипін таныстырды. Бұл — жай ғана маркетингтік қадам емес, ойыншының өмір жолын бейнелейтін символдық белгі.
Логотип Ямальдің балалық шағы өткен Барселонадағы Рокафонда ауданынан шабыт алып жасалған. Дизайнда оның футболшы ретінде қалыптасқан ортасы мен «Барселона» академиясындағы жылдары бейнеленген. Ойыншының өзі бұл жобаға ерекше мән берген — логотип оның жеке тарихының бір бөлігі.
Ямаль adidas-пен ұзақ мерзімді келісімшарт аясында жұмыс істейді. Жас жұлдыздың жеке логотипке ие болуы — бренд тарапынан оған деген үлкен сенімнің айғағы. Бұған дейін осындай мүмкіндік тек Килиан Мбаппе, Лионель Месси сияқты ғаламдық деңгейдегі футболшыларға берілген болатын.
Биылғы маусымда «Барселона» құрамасында тамаша ойын көрсетіп жүрген Ямаль Ла Лиганың ең жарқын ойыншыларының бірі болып отыр. Сахнадан тыс та белсенді — енді оның жеке бренді де жарыққа шықты.